Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе
А. Сухомлинский балалардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Сол ұстамында ұстай келе қазіргі таңда 2022-2023оқу жылында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№5 бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының педагог- тәрбиешілері мен ата- аналары тығыз қарым қатынас жасай келе , әрбір топ өз жұмыстарының жоспарына сай тәрбие жұмысының бастауы ретінде , ата-аналарды еңбек іс-әрекетіне араластырып ( аула тазалау, қардан мүсіндер жасау) атты іс-шараларға, ата- аналарды белсене қатыстырып, қоян- қолтық жұмыс істеуде. Балабақшаның ата- аналармен жүргізілген жұмыстың ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен топ тәрбиешісі қамтамасыз етуде.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы топ тәрбиешісінің негізгі міндеттері:
- Ата- аналармен тұрақты байланыс орнатудағы мақсат;
- Отбасы мен балабақшаның балаға қоятын талаптарының бірлігін қаматамасыз ету;
- Ата- аналар ұжымын құру;
- Ата- аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;
Балабақшада ата-аналар мен бірлесіп қатысуымен өткізілген іс -шараға бөбекжайдағы 4 топ ата-аналары осы бағыттағы іс- шараға терең, белсене ат салысып, қызығушылықпен белсенді жұмыс түрлерін атқарды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей алдағы уақытта ата- аналармен белгілі жұмыс түрлерін ұйымдастыруға, нақтылауға көмектеседі.
https://kst-sad5.edu.kz/rukhani-zhangyru.html?start=6#sigFreeId17888b8651
https://kst-sad5.edu.kz/rukhani-zhangyru.html?start=6#sigFreeId531d3c052c
Біздің балабақшаның инновациялық іс-әрекеті
Біздің балабақшамыздың инновациялық қызметі
Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.
Балалармен оқу-тәрбие үрдісін жаңашыл ұйымдастыруда педагогтардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін арттыруды балабақшамыздың өзекті мәселесі етіп қойылып, бір қатар жұмыстар атқарылды.
Біріншіден– оқу, тәрбие, даму процестерін жандандыру.
Ол үшін балабақшадағы әдістемелік қызметтің мақсаты-тәрбиешілердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру.
Сол себепті балабақшамызда бірнеше жаңа технологияларды өз тәжірибемізге енгізіп педагогтардың интеллектуальды-шығармашылық дамуына жағдайлар туғызылды.
Оларды атап айтсақ:
Балабақша педагогтары педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін шешу үшін ең тиімді әдіс, тәсілдерді іздестіріп отырды. Дәстүрлі емес оқыту арқылы біз балаларға емін-еркін өз қалауы бойынша іс-әрекет жасауына,сонымен қатар қоршаған ортаға тез бейімделулеріне жол береміз.2022жылы қалыптасқан балабақшамыздағы инновациялық алаңды біз KOST-ферма деп атадық.Бұл инновациялық қызметтін мақсаты: өскелең ұрпаққа ежелден келе жатқан ата-баба мұрасын дәріптеу.Қарапайым өмірге машықтандыру.Ересектерді құрметтеуге және олардың еңбектерін бағалауға баулу.
https://kst-sad5.edu.kz/rukhani-zhangyru.html?start=6#sigFreeId855d45c71f
«Орта –үшінші педагог»
«Орта — үшінші педагог»
Модельде пайдаланатын негізгі ұғымдарға сүйене отырып,балабақшамызда заттармен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын,күн бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін,балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта жабдықтадық.Заттық-дамытушы ортаға балаларда қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында трансформацияланатын ойындар,театр түрлері,танымдық-дамытушы ойындар орналастырдық.Тәрбиешілер заттық-дамытушы ортаны қажетті құраммен толтырып жəне құрастырып отырды.Балабақшадағы модулдарды пайдаланып,қолжетімді,тартымды,өзгермелі орталықтар атап айтсақ кітап бұрышы,сюжеттік –ойындар дәрігер,түрлі қуыршақтар көрмесін,машиналар керуенін ойнауға жайлылық сезініп жатты.Осы негізде балабақша ауласының да барлық жері ұтымды пайдаланылды.
Дамытушы орта мыналарды:
- • Үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;
- • білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық-мәдени, климаттық жағдайларды ескеруді;
- • балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс.
- Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:
- – қауіпсіз;
- – қолжетімді;
- – әртүрлі;
- – мазмұнды;
- – көп атқарымды;
- – өзгермелі;
– тартымды.
Осы міндеттер мен талаптарды ескре отырып балабақшамызда заттық-дамытушы ортаны құруда баланың жақын даму аймағы,жас және жеке ерекшеліктері,қажеттіліктері ескерілді.Топ бөлмелерінде заттық-дамытушы орта баланың қызығушылығына қарай орталықтары бойынша аймақтарға бөлініп, заттар, материалдар, қабырғалар мен едендер – бәрі білім ресурсы ретінде қолдануға жағдай жасалып жабдықталды. Ортаның қанықтылығы және -қолжетімділігі – балалардың дербестігінің, белсенділігінің және педагогтардың шығармашылығының артуына ықпал етті. Сонымен қатар жас ерекшеліктеріне сай әр топта түрлі бұрыштар және орталықтар жабдықталған .Аталған бұрыштарда қимылды ойындар атрибуттары, маскалар, қолдан жасалған дәстүрлі емес ұсақ құралдар жеткілікті. Осындай бұрыштарды жабдықтау мақсатында ата- аналар арасында «Дәстүрлі емес спорттық құралдар» атты конкурс жарияланды. Сонымен қатар тарихи-мәдени мәліметтермен, ұлттық дәстүрлермен сәйкестендірілген жабдықтарымен қамтылған, айналаны табиғатты тану мақсатында әр топта «Табиғат бұрышы» бар. Бұл бұрышта балалар ауа райының құбылысының белгілейтін табиғат календары және аквариум,эксперименттік іс – әрекеттер ұйымдастырылып, құралдар жинақталды.Балалар бұл орталықта құралдарды пайдалана отырып өздері бір жаңалық ашады.Онда балалар өз өлкесіндегі батырлар,кесенелер, ескерткіштер т.б туралы мәліметтер алады.Топтардың бөлмелерінде сюжеттік ойындар үшін де орын табылған. Қыздар «Шаштараз», «Дүкен», «Жедел жәрдем», «Жанұя» сияқты ойындарды басқарса , ал ер балалар бір мезетте «Құрылысшылар» болады немесе «Жанар май бекеті», «Полиция» сияқты күндегі көріп жүрген өмір белестері арқылы өмірге деген өз көзқарасы қалыптасады. Ал «Сахна ойыны» қай болмасын баланы қызықтырады.Қолдағы ойыншық музыкалық аспаптарды алып бір мезетте әртіс, әнші,биші,күйші болып өнер әлеміне аттанады. Осы жұмыстардың барлығы бала балабақшаға келгенде жалықпай, уақытты қызықты өткізуі үшін ұйымдастырылады. Әр баланың жеке тұлға болып қалыптасуына барлық жағдайлар жасалған. Балабақша топтарын безендіруде педагогтар мен ата- аналар да өз үлестерін қосады. Тәрбиешілер мен ата-аналардың қолдарымен ертегі кейіпкерлері, үлкен қуыршақтар, шахмат кейіпкерлері, балалар мен үлкендерге арналған киімдер тігілді.Театр әлеміне әр түрлі маскалар дайындалды, дидактикалық ойындар жасалынды.
https://kst-sad5.edu.kz/rukhani-zhangyru.html?start=6#sigFreeId92f331156f
https://kst-sad5.edu.kz/rukhani-zhangyru.html?start=6#sigFreeId618b498079
«Ойын арқылы оқыту» - біздің тәжірибе
Модель ұлттық құндылықтарды балаларға ерте жастан толыққанды дамытудың заманауи теориялармен үйлестіруге бағытталады.Модель міндеттерінде көрсетілгендей қазіргі заманғы теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру,зерттеу жұмысының мәдиениетін қалыптастыру. Ойын технологиясының басты мақсаты - мектепке дейінгі және балалардың даму деңгейін толыққанды мотивациялық негізін қалыптстыру үшін,дағдылар мен қызмет шарттарына жұмыс істеу.Ойын технологиясы ұйымдастыру талаптарына сәйкес болуы тиіс.Технологиялық жүйе,ғылыми база,жүйелілік,басқарылуы,тиімділігі,жаңадан өндірілуі.Ойынды таңдау балалардың қызығушылығын танытып,ойынға белсенді әрекет етеді және нәтижесін алады.Ойын технологиясының басты компоненті-педагог пен балалардың тікелей және жүйелі қарым-қатынасы. Балабақшамызда балалардың ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін есепке ала отырып,ұлттық тәрбие беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асырамыз.Дидактикалық ойындар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптейміз. Танымдық-дамытушылық ойындарды ойлап табу ұйымдастырылған іс-әрекетінде баланың танымдық,зияткерлік дағдыларын дамытады. Ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса балада өз бетімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады,білімге құштарлығы артады,халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп,ұлттық сананы қалыптастыруға болады.Балабақшамызда ұлттық тәрбие бағытында "Таңғажайып жеті киіз үй" атты дамытушы құралдар жасадық. Ұлттық өнерге қызығушылыққа ,сүйіспеншілікке,балаларға ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлері-зергерлік бұйымдар,ұлттық киімдер,киіз үй жабдықтары мен оның жасау жиһаздары мен оларды өрнектеген ою-өрнек түрлерін таныстыруда дидактикалық ойындар жинақталды.
https://kst-sad5.edu.kz/rukhani-zhangyru.html?start=6#sigFreeIdb704563c7d
https://kst-sad5.edu.kz/rukhani-zhangyru.html?start=6#sigFreeId30628c5bee
Үздік эргономикалық шешімдер
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Үздік эргономикалық шешімдер | DOCX |
https://kst-sad5.edu.kz/rukhani-zhangyru.html?start=6#sigFreeIdf268d17142