Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
«Ойын арқылы оқыту» - біздің тәжірибе

Модель ұлттық құндылықтарды балаларға ерте жастан толыққанды дамытудың заманауи теориялармен үйлестіруге бағытталады.Модель міндеттерінде көрсетілгендей қазіргі заманғы теорияларды ұлттық ерекшеліктермен үйлесімді ұштастыру,зерттеу жұмысының мәдиениетін қалыптастыру. Ойын  технологиясының басты мақсаты - мектепке дейінгі және балалардың даму деңгейін толыққанды мотивациялық негізін қалыптстыру үшін,дағдылар мен қызмет шарттарына   жұмыс істеу.Ойын технологиясы ұйымдастыру талаптарына сәйкес болуы тиіс.Технологиялық жүйе,ғылыми база,жүйелілік,басқарылуы,тиімділігі,жаңадан өндірілуі.Ойынды таңдау балалардың қызығушылығын танытып,ойынға белсенді әрекет етеді және нәтижесін алады.Ойын технологиясының басты компоненті-педагог пен балалардың тікелей және жүйелі қарым-қатынасы. Балабақшамызда балалардың ұлттық тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үшін ең алдымен оның жас және дербес ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін есепке ала отырып,ұлттық тәрбие беруді ұлттық психологияның негізгі ұстанымдарына сәйкес жүзеге асырамыз.Дидактикалық ойындар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптейміз. Танымдық-дамытушылық ойындарды ойлап табу ұйымдастырылған іс-әрекетінде баланың танымдық,зияткерлік дағдыларын дамытады. Ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса балада өз бетімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады,білімге құштарлығы артады,халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп,ұлттық сананы қалыптастыруға болады.Балабақшамызда  ұлттық тәрбие бағытында "Таңғажайып жеті киіз үй" атты  дамытушы құралдар жасадық. Ұлттық өнерге қызығушылыққа ,сүйіспеншілікке,балаларға ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлері-зергерлік бұйымдар,ұлттық киімдер,киіз үй жабдықтары мен оның жасау жиһаздары мен оларды өрнектеген ою-өрнек түрлерін таныстыруда дидактикалық ойындар жинақталды.