«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2030. Өркендеу, барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» Жолдауында медициналық және медициналық емес сипаттарды құрайтын халықтың денсаулығын қорғау деңгейін жоғарылату қажеттілігін белгілейді: «Біз қоғам құру барысында, біздің азаматтардың денсаулықтары өмір бойы сау болу деңгейін жоғарылатуымыз қажет және оларды табиғи орта қоршауы тиіс».
Балалардың денсаулықтары бүгінгі таңда өте өзекті.Соңғы жылдардағы статистика мәліметтері бойынша балалар денсаулығы күрт төмендеп кеткендігі байқалып отыр.
Бұның барлығы балалар денсаулығын сақтайтын технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне қолдануын туғызып отыр. Бүгінгі таңда барлық мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулықты сақтайтын технологиялар қолданылады.
«Денсаулық сақтау технологиялар»– оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайларжиынтығықұрайды».
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық денсаулық сақтау технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты–баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында денсаулық сақтау технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты.
Яғни, денсаулық сақтау технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру — басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.
Білім беру жүйесінде денсаулық сақтау технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, салауатты өмір салтына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Денсаулық сақтау технологиялар мектепке дейінгі ұйымдарда замануи міндеттерді шешуге бағытталған- балабақшада педагогикалық үрдісінде денсаулық субъектісін байыту ,колдау және сақтау.Денсаулық сақтау технологияның мақсаты–балабақшада тәрбиенушілердің денсаулықтарын жоғары денгейіде ұстау,қауіпсіз мінез- құлық негіздерін қалыптастыру.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты — мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Мен №5 бөбекжай –бақшасында дене тәрбие нұсқаушысы жұмыс атқарамын ,казіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі –мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығы.Баланың денсаулығы мықты,сау болу үшін педагогтардың қолында.Осы меселені шешу үшін педагогтар: балаларды салауатты өмір салтына баулу,яғни қимылды ойындар мен спорттық сайыстарға қатыстырып балалардың салауатты өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.Жұмыс барысында күнделікті өмір тәртібінде,денсаулықты сақтау технологияларын баланың қимыл әрекетін қалыптастыруға пайдалануға бағыттау,казіргі заман бағдарламасы және әдістемелік жұмыстың мазмұнының талабына сай жүзеге асыруда. Ұйымдастырылған оқу қызметінде денсаулық сақтау технология : білім берудегі жанашылықтармен дәстүрлер,фитотерапия,ертегітерапия,әнтерапия,саусақ игротренингжүргіземіз.Сонымен, дене тәрбие ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ.Мектепке дейінгі балалардың деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге спорттық шаралардың да маңызы зор керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде балалардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Балалардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді.