Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
Біздің балабақшаның инновациялық іс-әрекеті

Біздің балабақшамыздың инновациялық қызметі

Мектепке дейінгі білім берудің дамуы, жаңа сапалы деңгейге өтуі инновациялық технологияларсыз мүмкін емес.
Балалармен оқу-тәрбие үрдісін жаңашыл ұйымдастыруда  педагогтардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін арттыруды балабақшамыздың өзекті мәселесі етіп қойылып, бір қатар жұмыстар атқарылды.
Біріншіден– оқу, тәрбие, даму процестерін жандандыру.
Ол үшін балабақшадағы әдістемелік қызметтің мақсаты-тәрбиешілердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру.
Сол себепті балабақшамызда бірнеше жаңа технологияларды өз тәжірибемізге енгізіп педагогтардың  интеллектуальды-шығармашылық дамуына жағдайлар туғызылды.
Оларды атап айтсақ:
Балабақша  педагогтары педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір жеке тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу, әрбір баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған міндеттерін  шешу үшін  ең тиімді әдіс, тәсілдерді  іздестіріп отырды.  Дәстүрлі емес оқыту арқылы біз балаларға емін-еркін өз қалауы бойынша іс-әрекет жасауына,сонымен қатар   қоршаған ортаға тез бейімделулеріне жол береміз.2022жылы қалыптасқан балабақшамыздағы инновациялық алаңды біз KOST-ферма деп атадық.Бұл инновациялық қызметтін мақсаты: өскелең ұрпаққа ежелден келе жатқан ата-баба мұрасын дәріптеу.Қарапайым өмірге машықтандыру.Ересектерді құрметтеуге және олардың еңбектерін бағалауға баулу.