Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе

    А. Сухомлинский балалардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында тәрбиешілер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Сол ұстамында ұстай келе қазіргі таңда 2022-2023оқу жылында  Қостанай облысы  әкімдігі  білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№5 бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының педагог- тәрбиешілері мен ата- аналары тығыз қарым қатынас жасай келе , әрбір топ өз жұмыстарының жоспарына сай тәрбие жұмысының бастауы ретінде , ата-аналарды еңбек іс-әрекетіне араластырып ( аула тазалау, қардан мүсіндер жасау) атты іс-шараларға, ата- аналарды белсене қатыстырып,  қоян- қолтық жұмыс істеуде. Балабақшаның ата- аналармен жүргізілген жұмыстың ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен топ тәрбиешісі қамтамасыз етуде.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы топ тәрбиешісінің негізгі міндеттері:

  • Ата- аналармен тұрақты байланыс орнатудағы мақсат;
  • Отбасы мен  балабақшаның балаға қоятын  талаптарының бірлігін қаматамасыз ету;
  • Ата-  аналар ұжымын құру;
  • Ата- аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;

Балабақшада ата-аналар мен бірлесіп қатысуымен өткізілген іс -шараға бөбекжайдағы 4 топ  ата-аналары осы бағыттағы іс- шараға терең, белсене ат салысып, қызығушылықпен белсенді жұмыс түрлерін атқарды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей алдағы уақытта ата- аналармен белгілі жұмыс түрлерін ұйымдастыруға,  нақтылауға көмектеседі.