№5 гүлдәурен бөбекжай-бақшасы
Ермагамбетова Сымбат Нурлановна тәрбиеші
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ЛЕГО ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Біздің еліміз көркейіп, дамуы үшін бәсекеге қабілетті, жан-жақты мамандарды даярлау керек. Сондықтан қаізргі таңда республикамызда білім беру саласына үлкен көңіл бөлініп, білім берудегі жүйелі жұмыстар қарқынды түрде дамуда.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында білім саласына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Себебі білімді ұрпақ- ел болашағы. Ал білім бастауы балабақшада. Осы айтылғанды біз негізге ала отырып оқу-тәрбиелеу процесінде біз жаңа инновациялық технологияларды, әдістерді мейілінше тиімді,оңтайлы пайдаланудамыз. Солардың бірі «Лего технологиясы» жайлы толығырақ мағлұмат берсем деймін.
Жалпы, «Лего технологиясы» дегеніміз не? «Лег» және «годт -дат сөздері, «қызықты ойын» деген мағынада. Ал кейбір деректерде латын тілінен «Мен үйренемін», «Мен құрастырамын» деген мағынаны білдіреді деп көрсетілген. А тарихына келетін болсақ,Лего құрауыштары алғаш рет Данияның Lego Group компаниясы шығарған.
Лего технологиясы- балабақшада қолдануға ыңғайлы, оқыту барысын ойын арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін тәсіл деуге болады. Ал енді осы құрауыштардың жақсы жақтарын айтып кетер болсам:
- Лего құрауыштарын ер балалар құрастырумен қатар қыз балалар да қолдана алады;
- Бала өміріне қауіпсіз: қолын кесіп алу, жарақаттану, жұтып қою қаупі жоқ;
- Бала денсаулығына қауіпсіз, оң әсерін тигізеді. Бала құрастыру барысында қимылдап, әркез қозғалыста болады;
- Құрастыру барысында баладағы психикалық процесстері дамиды. Құрастыру кезінде ұсақ қол моторикасы жақсы дамиды, жаттығады; ойлау процессі (бала алдында белгілі бір мақсат қойылады, мысалға мұнара құрау делік, сол мұнараны дұрыс жасау үшін бала ойланып, сәйкес келетін бөлшеткі, түсті таңдай бастайды); зейін,есте сақтау процесстері;және ең бастысы коммуникация.
Ұсақ қол моторикасын дамыта отыра біз баланы сөйлеуге, толық сөйлемдерді айтуға, өз ойын дұрыс жеткізе білуге үйретеміз. Сабақ уақытында топтық жұмыс ұйымдастырып, балаларды ұжымда жұмыс жасауды, ұжымда басқалармен тіл табысуды үйрету үшін де осы Лего технологияларын пайдалану тиімді.
Лего құрауыштарымен бала балабақшада үстел не кілем үстінде ойнайды, бұл кезде бала өзін еркін сезініп, ойындағы жасағысы келгенді жасап, қуанышқа бөленеді, елестету негізінде жаңа объект жасауға талпынады. Бұл құрауыштарды тек балабақшада тәрбиешісімен ғана емес, өз үйінде ата-анасымен ойнап та құрастыра алады.
Қорыта келгенде, Лего технологиясы- баланың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына септігін тигізетін, ойын ойнау барысында сабақ жүргізуге, психикалық процесстердің қарқынды дамуына мүмкіндік беретін технология. Оны балабақшада пайдалану негізінде көрсетілген мақсатқа жетіп, оң нәтиже алуға, баланың мектепке даярлығын жүргізуге болады. Себебі, Лего технологиялары- тек мектепке дейінгі мекемелерде ғана емес, жалпы білім беру процесінде қолданылатын әдіс. Сондықтан, жаңа заман технологияларын жетік меңгерген,жан-жақты біліммен қаруланған маман иесін біз балабақша қабырғасынан бастап дұрыс тәрбиелеуіміз керек!