Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
«Бала өміріндегі дене тәрбиесінің рөлі»
Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту, тазалық пен санитарлық-гигиеналық шараларды сақтауға керек екенін айтқан болатын.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесімәдениеті – дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды. Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпенайналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтарды өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, біз дене шыңықтыру нұсқаушылары балалардың күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу барысында, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай қимылды ойындар және кешенді жаттығулар тізбегін, сонымен қатар сергіту сәттерін ұйымдастырамыз. Балалардың деңсаулығын дамытатын ойындарды, сонымен қатар  серуен барысында ұйымдастыра аламыз. Бүлдіршіндерді ұлттық ойындармен таныстыра отырып, ұлттық ойындардың не екендігін, біз үшін қандай маңызға ие екендігін, бізге қандай пайда беретіндігін айта отырып, балалардың деңсаулықтарының дамуына толыққанды жағдай жасай аламыз. Ең алдымен сабақты бастамас бұрын, бүлдіршіндердің сабаққа деген қызығушылығын арттыру қажет деп есептеймін. Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмірді қорғау және денсаулық нығайту, балалардың ағзасын шынықтыру болып табылады.

Егер мектепке дейінгі балалар дене шыңықтыру сабағына белсенді қатысып, қимылды ойындарға қызығушылқ танытса, барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаса, болашақ жас ұрпақ еңселі, шымыр, жігерлі болып өсуіне көз жеткізуге болады. Балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке дейінгі жастан бастау алуымыз керек деп санаймын.