Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
Балалардың бала – бақшаға келу кезіндегі бейімделудің сатылары

Ғылыми көзқараспен қарасақ бейімделу – дегеніміз жаңа, бейтаныс жерге үйрену және шарттарын қабылдау болып саналады. Бейімделу белсенді процесс болып табылады, қорыта келгенде  оңды немесе солды нәтижеге жеткізеді. Бейімделудің оң нәтижесі – тән мен жүйкенің пайдалы жағына өзгеруі; ал сол жағы – стресс.

2 – 3  жастағы сәбилердің бейімделу кезеңі – қатал сынның бірі. Бейімделу кезеңінде стресстік жағдайға ұшыраған баланың эмоционалдық жағдайы нашарлайды.  

Балалардың бала – бақшаға келу кезіндегі бейімделудің сатылары:

Жеңіл:

Баланың жүріс – тұрысы 1 апта ішінде қалыптасса.

Тәбеті  — әлсірейді, ал бірінші аптаның соңында қалыптасады.

Ұйқы  — екі апта ішінде қалыптасады.

Бейімделу үрдісі бір айға дейін созылады.

Жақын адамдармен аффекті қоштасу және кездесу

Орташа:

Жүріс  — тұрысы қырық күнге дейін қалыптасады, көңіл  — күйі жабырқау, жылаңқы.
Белсенді емес, қимыл  —  қозғалысы баяу, үйрену регрессиясы байқалады. Бір жарым айға дейін бала жасына сәйкес қалыптасады.
Ұйқы  — баланың жасына сәйкес қырық күн аралығында қалыптасады.
Жақын адамдармен аффекті қоштасу және кездесу

Қиын:

Қимыл – қозғалысы қалыпты емес, кей – кезде жүйке сыры байқалады.

Баланың ішкі сезімі белсенді емес.

Тәбеті – көп уақытқа тәбеттен бас тарту, төмен, қалыпсыз, егерде күштеп тамақтандырса, жүйкелі құсу байқалуы мүмкін.
Ұйқы – қалыпсыз, қатты емес, бала ұйықтаған кезде жыласа, көп оянса жүйкесі сыр берген, ұйқыдан бас тартады.
Бейімделу кезеңі баланың ұзақ ауруына байланысыт ұзартылады.
Бейімделу кезеңі алты айдан бір жарым жылға дейін созылады.
Жақын адамдармен қоштасу және кездесу кезінде көңіл – күйсіз болады.

•  Баланың үйдегі қалыпты күн тәртібін бала – бақшаның күн тәртібіне сәкес ауыстыру.
•  Балабақшаның ас мәзірімен танысып, үйдегі ас мәзіріне жаңа тағамдарды кіргізу.
•  Баланы өз бетімен жинастыруға үйрету: жуыну, қол сүрту, киіну және шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақтану кезеңінде қасықты дұрыс ұстау, дәретке сұрану. Баланың киімі бала жасына сәйкес болуы керек, яғни шалбар немесе шорты замогі жоқ немесе белбеусіз болуы тиіс.
•  Баланың әлеуметтік көзқарасын кеңейту: өз жасына сәйкес балалармен қарым – қатынас жасау, достарына қонаққа бару, әжесінде қонуға қалу, қалада серуендеу, т.б. Бала бейімделу кезінде қалыпты жағдайларға үйренсе, бала өз құрдастарымен және үлкендермен тығыз қарым – қатынаста болады.
•  Балабақшаға баратын баланы белгілі ортаға бейімдеу және қызығушылығын арттыру. Балаға ата –  аналық мейірімділік ауадай қажет, сондықтан да оған жақсы көретіндігіңізді үнемі еске салып отыру қажет және кеудеңе қысып, жиі көтеріп алақан жылуын білдіріп отырыңыз. Есте сақтаңыздар: ата –  ана неғұрлым баланың көңіл –  күйіне басты артық көп алаңдамаса, соғұрлым бала белгілі ортаға тез бейімделеді.  Баланың көзінше балабақшаға қатысты қызықтыратын мәселелерді қозғамаңыз.
•  Алғашқы күні балалар серуенде жүрген уақытта келген жөн, себебі ойын процесінде бала өзіне көп достар табады, тәрбиешімен еркін тіл табысып кетеді. Сонымен қатар балабақшаға өзінің сүйікті ойыншығын алып келуге болады.
•  Балабақшаға барған алғашқы күндерде баланы күн ұзаққа қалдырмаңыз. Бірінші аптада баланы үш – төрт сағатқа, кейін түске дейін, ал айдың аяғында толық күнге қалдыруға болады. 
•  Баланың жүйкесінің қабынуына қарсы апта ішінде бір күн демалыс алыңыз.
•  Бейімделу кезеңінде үйде күн тәртібін мұқият сақтап, көбірек таза ауада серуендеңіз.
•  Бала балабақшаға дені сау болып келуі керек. 

Тұмау ауруын алдын – алу профилактикасында дәрумендер беру және оксалин сылақшысымен мұрын қуысын сылау. 
Егерде бала үлкендермен қарым –қатынасқа икемді келсе, өз бетінше ойнауға ұмтылса, өз құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы жақсы болса, бала балабақшаға дайын.
Баланың бейімделу кезеңі медико – педагогикалық қызметі және психолог маманы қатысулары арқылы жүзеге асады.