Балалардың бала – бақшаға келу кезіндегі бейімделудің сатылары
Ғылыми көзқараспен қарасақ бейімделу – дегеніміз жаңа, бейтаныс жерге үйрену және шарттарын қабылдау болып саналады. Бейімделу белсенді процесс болып табылады, қорыта келгенде оңды немесе солды нәтижеге жеткізеді. Бейімделудің оң нәтижесі – тән мен жүйкенің пайдалы жағына өзгеруі; ал сол жағы – стресс.
2 – 3 жастағы сәбилердің бейімделу кезеңі – қатал сынның бірі. Бейімделу кезеңінде стресстік жағдайға ұшыраған баланың эмоционалдық жағдайы нашарлайды.
Балалардың бала – бақшаға келу кезіндегі бейімделудің сатылары:
Жеңіл:
Баланың жүріс – тұрысы 1 апта ішінде қалыптасса.
Тәбеті — әлсірейді, ал бірінші аптаның соңында қалыптасады.
Ұйқы — екі апта ішінде қалыптасады.
Бейімделу үрдісі бір айға дейін созылады.
Жақын адамдармен аффекті қоштасу және кездесу
Орташа:
Жүріс — тұрысы қырық күнге дейін қалыптасады, көңіл — күйі жабырқау, жылаңқы.
Белсенді емес, қимыл — қозғалысы баяу, үйрену регрессиясы байқалады. Бір жарым айға дейін бала жасына сәйкес қалыптасады.
Ұйқы — баланың жасына сәйкес қырық күн аралығында қалыптасады.
Жақын адамдармен аффекті қоштасу және кездесу
Қиын:
Қимыл – қозғалысы қалыпты емес, кей – кезде жүйке сыры байқалады.
Баланың ішкі сезімі белсенді емес.
Тәбеті – көп уақытқа тәбеттен бас тарту, төмен, қалыпсыз, егерде күштеп тамақтандырса, жүйкелі құсу байқалуы мүмкін.
Ұйқы – қалыпсыз, қатты емес, бала ұйықтаған кезде жыласа, көп оянса жүйкесі сыр берген, ұйқыдан бас тартады.
Бейімделу кезеңі баланың ұзақ ауруына байланысыт ұзартылады.
Бейімделу кезеңі алты айдан бір жарым жылға дейін созылады.
Жақын адамдармен қоштасу және кездесу кезінде көңіл – күйсіз болады.
• Баланың үйдегі қалыпты күн тәртібін бала – бақшаның күн тәртібіне сәкес ауыстыру.
• Балабақшаның ас мәзірімен танысып, үйдегі ас мәзіріне жаңа тағамдарды кіргізу.
• Баланы өз бетімен жинастыруға үйрету: жуыну, қол сүрту, киіну және шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақтану кезеңінде қасықты дұрыс ұстау, дәретке сұрану. Баланың киімі бала жасына сәйкес болуы керек, яғни шалбар немесе шорты замогі жоқ немесе белбеусіз болуы тиіс.
• Баланың әлеуметтік көзқарасын кеңейту: өз жасына сәйкес балалармен қарым – қатынас жасау, достарына қонаққа бару, әжесінде қонуға қалу, қалада серуендеу, т.б. Бала бейімделу кезінде қалыпты жағдайларға үйренсе, бала өз құрдастарымен және үлкендермен тығыз қарым – қатынаста болады.
• Балабақшаға баратын баланы белгілі ортаға бейімдеу және қызығушылығын арттыру. Балаға ата – аналық мейірімділік ауадай қажет, сондықтан да оған жақсы көретіндігіңізді үнемі еске салып отыру қажет және кеудеңе қысып, жиі көтеріп алақан жылуын білдіріп отырыңыз. Есте сақтаңыздар: ата – ана неғұрлым баланың көңіл – күйіне басты артық көп алаңдамаса, соғұрлым бала белгілі ортаға тез бейімделеді. Баланың көзінше балабақшаға қатысты қызықтыратын мәселелерді қозғамаңыз.
• Алғашқы күні балалар серуенде жүрген уақытта келген жөн, себебі ойын процесінде бала өзіне көп достар табады, тәрбиешімен еркін тіл табысып кетеді. Сонымен қатар балабақшаға өзінің сүйікті ойыншығын алып келуге болады.
• Балабақшаға барған алғашқы күндерде баланы күн ұзаққа қалдырмаңыз. Бірінші аптада баланы үш – төрт сағатқа, кейін түске дейін, ал айдың аяғында толық күнге қалдыруға болады.
• Баланың жүйкесінің қабынуына қарсы апта ішінде бір күн демалыс алыңыз.
• Бейімделу кезеңінде үйде күн тәртібін мұқият сақтап, көбірек таза ауада серуендеңіз.
• Бала балабақшаға дені сау болып келуі керек.
Тұмау ауруын алдын – алу профилактикасында дәрумендер беру және оксалин сылақшысымен мұрын қуысын сылау.
Егерде бала үлкендермен қарым –қатынасқа икемді келсе, өз бетінше ойнауға ұмтылса, өз құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы жақсы болса, бала балабақшаға дайын.
Баланың бейімделу кезеңі медико – педагогикалық қызметі және психолог маманы қатысулары арқылы жүзеге асады.
Балабақшада бала тілін дамытудың маңызы
Балалардың тілін дамытудағы мақсаттары:
— Балалардың ойлау, дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Сөйлем құрап өз ойларын жеткізе білуге, қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
— Сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
— Ертегілерді әңгімелеуге, өлең, тақпақ, мақал — мәтелдер, жаңылтпаштарды айта білуге үйрету.
Осы мақсатты іске асыру нәтижесіндегі міндеттері:
— Бала тілін орфоэпиялық дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеу.
— Сөздегі грамматикалық дағдыларды қалыптастыру;
— Баланың сөздік қорын молайту;
— Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
— Балалардың ойын дамытып, тіл байлығын арттыру.
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой — өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру). Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.
Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек.
Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны – сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым — қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл — ой дамуымен біртұтас жүреді.
Жас жеткіншектерді баулып, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан — теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынының сана — сезімін оятып, ақыл — есін дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең –
тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай — ақ мақал — мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл — ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі.
Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең — әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер — білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Жамбылдың, Сәкеннің, Жансүгіровтың, Майлиннің, Мұқановтың сондай – ақ көптеген жас жазушылардың балалар сүйсінерлік қызығып тыңдарлық жақсы шығармалары бар.
Мұның бәрі,жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды
Іздестіре отырып , термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ. Жаскезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген – білгенін қиыстырып, тұжырымдапдостарына , тәрбиешілеріне, ата- аналарына айтып бере алса , тіл шеберліктері артады . Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты , инабатты , әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсеретеді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді , сондықтан – да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тілдыбыстарын айтып , үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлерікешенді түрде іске асырылады .Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс- әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс- әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі. Балабақшада балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал — мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жүйелі жүргізуді талап етеді. Қазіргі уақытта баланыхалықтық педагогика негізінде тәрбиелеу ана тілі арқылы өз дәрежесінде жүзеге асатыны белгілі . Баланы ана тілінде анық, жүйелі, өзгелерге түсінікті, мәнерлі үн ырғағымен келістіре сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс жеткізуге мектепке дейінгі кезеңде үйрету керек. Тәрбиеші әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді. Сөздің дыбыстық жағын меңгерту
– Бала тілін зерттеп, қай дыбысты айта алмайтынын анықтау;
— Артикуляциялық аппараты дайындау кезеңі
— Сөз, сөйлем, өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарды айтқызып, дыбыстарды үйрету.
Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ:
- Сахна ойындары . Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше реет қолданылады. Әр ткейіпкерді сөйлетет отырып , балаларға қайталату.
- Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден , қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді , әрі қайталайды.
- Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады.
- Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату.
5. Дидактикалық жаттығулар жасау . «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып , әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу .
6. Жұмбақ, мақал — мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту.
Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап дер шағында қолға алса нәтижесі де ойдағыдай болады. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс — әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер етсе, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл — ойын,танымын кеңейтсе, екіншіден анна тілін жақсы білуге көмектеседі. Оқу жылыныңбасында өз тобымда тілдеріз, р , с, ш дыбыстарын айта алмайтын балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын — жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйреттім. Мысалы: «З»дыбысынбекітумақсатында А. Райымқұлованың «ауылмаңында» өлеңін айтқызуғаболады
Балаларға арналған музыкалық дидактикалық ойындар
Балаларға арналған музыкалық
дидактикалық ойындар.
Музыка балаға оның ерте даму кезеңдерінен бастап әсер етеді. Сондықтан да ерте балалық шақта осы музыкалық байланысты үзбеу керек және баланың музыкалық қабілеттерін дамытуға барынша күш жұмсау керек. Тұлғаның дамуы мен қалыптасуының басты ірге тасы балалық шақта қаланатындығын естен шығармау керек, ал музыка дамуы жеделдетуші жақсы құрал болып табылады.
Баланы музыкалық дамыту табиғи түрде және мәжбүрсіз жүзеге асырылуы керек, яғни ойын формасында. Ойын — мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қызметтің негізгі түрі. Балалардың өзіндік музыкалық қызметін дамытудың маңызды құралдарының бірі — музыкалық дидактикалық ойындар болып табылады.
«Менің балапандарым қайда»
(дыбыстық жоғары есту қабілетін дамыту мен бағдарлама материалын бекітуге арналған)
Ойын материалы: Төрт үлкен карточка мен бірнеше кішкене карточкалар (ойыншылар саны бойынша). Үлкен карточкаларға қаздың, үйректің, тауықтың, құстың суреттері салынған; кішкентайларына қаздың, үйректің тауықтың, құстың ұядағы балапандары салынған.
Ойын барысы: Балалар музыкалық жетекшіге қарама – қарсы жартылай шеңбер жасап отырады, әрқайсының қолында бір – біреуден кішкентай карточка бар.
Музыкалық жетекші ойнауды ұсынады да әңгімесін бастайды: Бір аулада балапандарымен тауық , үйрек, қаз өмір сүріпті, ал ауланың сыртындағы ұяда құс балапандарымен тұрыпты. Бірде қатты жел соғып, жаңбыр жауды да, барлығы тығылып қалды. Ең бірінші болып өз балапандарын үйрек шақырады (суретті көрсетеді): «Менің балапандарым, сүйкімді балақандарым қайды? Кря, кря!» (бірінші октаваның рес дыбысы бойынша ән салады). Карточкаларында үйректің балапандарының суреті салынған балалар оларды көтеріп, былай деп жауап береді: «Кря – кря, біз мұндамыз» (екінші октаваның ля дыбысы бойынша ән салады).
Музыкалық жетекші былай деп жалғастырады: «үйрек өз балапандарын тапқанына қатты қуанады (карточкаларды жинап алады). Барлық құстар өз балаларын тауып алғанша ойын жалғасады.
«Көңілді – мұңды» ойыны
(музыкалық туындының ерекшелігін анықтау үшін)
Ойын материалы: Төрт үлкен карточка: көңілді құлыншақ, көңілді ойыншықтар (тиін немесе піл), мұңды ит, мұңды қоян. Осы кейіпкерлердің суреттері салынған бірнеше кішкентай карточкалар.
Ойын барысы: Музыкалық жетекші әртүрлі әуендерді орындайды Балалар әуенді тыңдайды да сәйкес карточканы көрсетеді.
Көңілді
Жылқы жағалауда жүр екен
Жасыл желек үстінде.
Ол басын шұлғып,
Қара жалың желпілдетіп,
Алтын жүгенін сылдырлатып
Сыңғыр, сыңғыр ете
Тағып алған қоңыраулары,
Жорғалап ол жүреді
Мұңды
Мұңды көңілсіз жануарлар,
Олар ауырып қалған шығар.
Қоянның аяғы ауырып тұр,
Тұнжырап мұңайып тұр.
Сондықтанда олар,
Иттің басы ауырып тұр
«Үнінен таны»
Ойын материалы: Дабыл, сылдырмақ, үскірік, кселафон, керме (ширма)
Ойын барысы.
Музыка! Музыка!
Бұл не екен өзі?
Мүмкін бұл,
Көгілдір аспан шығар!
Мүмкін бұл,
Таңғы арай шығар?
Ал, мүмкін, музыка –
Тек қана дыбыстар шығар!
Музыкалық жетекші аспаптардың бірімен ойнайды. Балалар тыңдайды және музыкалық аспаптың атын атайды. Осыдан кейін атауын тапқан музыкалық аспаптарда өз бетімен ойнайды.
«Музыкалық сағат»
Ойын материалы: Қатты картоннан істелінген сағат.
Ойын барысы: Музыкалық жетекші балаларға таныс әннің әуенін ойнайды және әуенді тыңдап болғаннан кейін балаларға қай әннің орындалғанын сағат тілімен көрсетуді ұсынады. «Жасыл шырша», «Биші болам өскенде», «Біз бақытты баламыз», «Домбыра сазы», «Аяз ата», «Жаңбыр» «Сылдырмақ». Әннің басын тыңдағаннан кейін бір бала шығады да тыңдалған әуенге сәйкес келетін картинаны сағаттың тілімен көрсетеді. Ойын сағаттағы суреттерді айналып келгенше жалғасады.
«Көңілді паровоз»
Ойын материалы: Қатты картоннан жасалынған паровоз және аңдар.
Ойын барыс: «Көңілді паровоз» әдістемелік үстелге балалар жаққа қаратылып қойылады. Музыкалық жетекші балаларға бос терезелерге назар аударта отырып, паровоз бен оның вагондарын қарап шығуды ұсынады.
Одан әрі қарай паровозға машинашы мен жолаушылар қажет болғандықтан, оның ұзақ жолға шыға алмай тұрғанын хабарлайды. Ал вагондағы орындарға кім отыратындығын анықтауға музыка көмектеседі. Музыка жетекшісі «Қорбаңбай аю» пьесасын тыңдауды және оның атауын еске түсіруді ұсынады. Балалар пьесаның атауын табады, сөйтіп «Аш қасқыр», «Айлакер түлкі», «Көңілді қояндар».
«Музыкадағы үш кит»
Ойын материалы: Қатты картоннан жасалынған үш кит.
Ойын барысы: Ойын музыкадағы «Үш кит» тақырыбы бойынша балалардың білімін бекіту үшін таныс материалдармен өткізіледі. Балалар үш шеңбер жасап тұрады, ортасында қолына «кит» ұстаған бала тұрады. «Марш» әуені ойнағанда кит – марш шеңберінде тұрған балалар марштайды. Ал «полька» әуені ойнағанда кит – биі, «Достық» әні ойнағанда кит – ән шеңберінде тұрған балалар әндетеді. Музыка жетекшісі музыкалық материалды өз қалауы мен тақырыпты бекіту қажеттілігіне байланысты таңдайды.
«Музыкалық моншақтар»
Ойын материалы: Түрлі – түсті картоннан жасалынған моншақтар.
Ойын барысы: Ойын балаларды қысқа және ұзақ дыбыстармен таныстыру үшін қолданылады. Музыкалық жетекші шағын әнді немесе әуенді ойнайды, ол ойнатылғанда әуеннің ритмитикалық суреті анық естілуі тиіс және музыкадағы ұзақ және қысқа дыбыстарды табу керек. Бұл дыбыстарды үлкен және кіші моншақтардың көмегімен бейнелеуге болады. Үлкен моншақтар – бұл ұзақ дыбыстар, кіші моншақтар – қысқа дыбыстар.
«Музыкалық үйшік»
Ойын материалы: Қатты картоннан жасалынған үйшік және сол әйнектердің көлеміне сәйкес әртүрлі муз аспаптардың суреттері.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі балаларға үйшікті көрсетеді. Ол үйшіктің ішінде әртүрлі аспаптарда ойнайтын, көңілді музыканттардың тұратынын айтады. Егер мұқият тыңдасақ, олардың әрқайсысының қандай музыкалық аспаптарда ойнайтынын білетін боламыз. Музыка жетекшісі балаларға таныс әнді әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнап айтып береді. Балаларға ол аспаптарды көрсетпеу керек. Тапсырма жүктелген бала, қандай инструмент екенін тауып карточкалардың арасынан сол инструменттің суретін алып үишіктің әйнегіне апарып жабыстырады.
«Өз аспабыңды тап»
Ойын материалы: Музыкалық аспаптардың суреттері бейнеленген түссіз карточкалар және түрлі түсті төртке бөлінген үш карта, және балаларға арналған муз аспаптар, ширма.
Ойын барысы: Ойынға бір жүргізуші, екі бала қажет. Жүргізуші ширманың артындағы аспаптардың жанына төртке бөлінген түсті картаны қояды, ал түссіз картаны ойнайтын балаларға таратып береді. Балаларға аспаптардың дауысын тағыда біррет тыңдатып, өлең айта бастайды солай ойын басталады. Жүргізуші суреттің бір бөлігін көтеріп сол аспапта ойнап мен қандай аспапта ойнадым деп сұрайды. Дұрыс жауап берген балаға түсті картаның бір бөлігін беріліп ол карта түссіз картаның үстіне қойылады. Ойын карта жабылғанша жалғаса береді.
«Соқыр теке»
Ойын барысы: Балалар бір – бірінің қолынан ұстап шеңбер жасап тұрады, 3 – 4 бала шеңбердің сырт жағында тұрады.
Ортада «Соқыр теке»
Балалар шеңбермен айналып жүріп, әннің 1 – ші шумағын айтады. 2 – шумақты «Соқыр теке» айтады. 2 – шумақ басталғанда балалар бекіткен қолдарын жоғары көтереді, ал сыртта тұрған балалар ішке еніп, «Соқыр текеге» ұстатпаймыз деп жан жаққа жүгіреді. «Соқыр теке» біреуді ұстап алуға тырысады. Егер ұстап алса әннің 2 – ші шумағын айтады, ойын қайталанғанда ұсталған бала «Соқыр теке» болады. Егер ұстай алмаса «Соқыр теке» өзі болады.
Соқыр теке, бақ, бақ
Біз айтамыз тақпақ.
Мықты болсаң қанекей,
Бірімізді тап, тап.
«Балақан да алақан»
Балалар дөңгелене шеңбер жасап отырады. Музыка ойнаған кезде, балалар ән ырғағына ілесіп, қол соғып, өлең айтады. Алақандарын басқалардан бөлек, жаңылыс соққандар, не басқадай бір қылығымен ойын тәртібін бұзғандар «кінәлі бала» болып табылады. Оларды ортаға жеке шығарып, кінәсін ақтау үшін өлең, тақпақ айтқызып, билетеді.
Кел балалар, шапалақтап
Алақанды ұрайық.
Жаңылғанды ортаға ап,
Бір өнерін сұрайық.
Қ – сы
Ла – ла – ла – ла,
Балақан.
Ла – ла – ла –ла,
Алақан.
Айып тартсақ саспайық,
Қысылмайық қиналып.
Кел ойынды бастайық,
Келді достар жиналып.
Қ – сы
Ла – ла – ла – ла,
Балақан.
Ла – ла – ла –ла,
Алақан.
Бәрі қол шапалақтап, өлең қайырмасын айтып тұрып, кінәлі баланы бақылайды. Оны тапқан кезде, айыбына ән, би, немесе тақпақ сұрайды. Кінәлі бала айыбын өтеген соң, ойын одан әрі жалғасады.
Бәрі сол балаға бұрылып тұрып, былай дейді.
Соғылғанда алақан,
Жаңылдың сен, балақан.
Шаю үшін кінәңді,
Көрсет бір өнеріңді.
«Ән салған кім?»
Балалар шеңбер жасап жүріп әндетеді. Шет жақта, балаларға сыртын беріп отырған бала, ән салған баланың дауысын тануы керек. Отырған бала ән салған баланы дауысынан таныса, олар орын ауыстырады.
(тембрді айыру үшін арналған ойын)
Көп бала бар бөлмеде,
Бірі ғана ән салады.
Ал сырттағы
Кім екен деп тамсанады
Бір бала былай деп әндетеді.
Мен бақытты бөбекпін,
Таудай биік талабым,
Ән мен күйге зерекпін,
Бірден қағып аламын.
«Қос дабыл»
(Дыбыстың биіктігін айыру үшін арналған ойын)
Гүрілдей кеп қағылды,
Танып тұрмыз дабылды.
Там – та – ра –там. Там – та – ра – там.
Там – та – ра –там. Там – та – ра – там.
Шіңкілдей кеп қағылды,
Танып тұрмыз дабылды.
Ти – та – ра – ти. Ти – та – ра – ти.
Ти – та – ра – ти. Ти – та – ра – ти.
Балалар екі шеңбер жасап тұрады: сыртқы (Үлкен) және ішкі (Кіші.) Ойын басталғанша тәрбиеші өзінің қалауы бойынша үлкен немесе кіші дабылда ойнайды. Үлкен дабылда ойнағанда сыртқы шеңбердегі балалар айналып жүріп әндетеді, кіші дабылда ойнағанда ішкі шеңбердегі балалар айналып жүріп ән салады.
«Көлеңке»
Көлбең көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Қане қатар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Тәрбиеші осы өлеңді әндетіп айта жүріп, бір үлкен, бір кіші баладан қатар – қатар тұрғызады.(кішісі көлеңке). Барлығы шеңбер жасайды.
Көлбең – Көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Бүркіт қалай бүреді?
Кім көрсете біледі?
Ән ырғағымен балалар бүркітше қанат қағады, еңкейіп саусақтарымен жер тірейді. Көлеңкелер қайталап қимыл жасайды.
Көлбең – көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Қасқыр қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
(Қасқырдың жүрісін бейнелейді)
Көлбең – көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем!
Аю қалай жүреді,
Кім көрсете біледі?
(Балалар көлеңкелеріне аюдың жүрісін көрсетеді)
Осы аңдардың, құстардың орнына басқа да құс аңдарды қойып, ойынды жалғастыра беруге болады.
«Үлкен – кішкентай»
Мақсаты: Балаларды ұзақ қысқа дыбыстарды білуге үйрету. Музыканың ритмін сезінуге баулу.
Ойынның барысы: Музыкалық жетекші балаларға әуенді тыңдатқызып, жолда кімнің келе жатқанын тыңдатқызып сол адамның жүрісін қолдарымен шапалақ ұру арқылы көрсетуді ұсынады.
Үлкен адамның жүрісі – ұзақ шапалақ.
Баланың жүрісі – қысқа шапалақ.
«До – ре – ми»
Мақсаты: Балаларды музыкадағы бейнелерді, әнді тыңдау арқылы ажырата білуге үйрету. Тыңдау қабілеттерін арттыру.
Ойын барысы: Музыкалық жетекші әнді орындап береді және балалардан сол әнге байланысты суретті таңдап көрсетулерін өтінеді. Бала неге сол суретті таңдап алғанын, ол суретте ненің бейнеленгенін, әннің не туралы айтылып тұрғанын айтып береді.
«Қояндар»
Мақсаты: Музыканың көңілді, көңілсіз, баяу түрлерін ажырата білуге баулу.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі балаларға: Бір үйде қояндар өмір сүріпті. Олар сондай көңілді қояндар болыпты. Қояндар көңіл көтеріп билегенді жақсы көріпті – деп (қояндардың билеп жатқан суретін көрсетеді). Ал қояндар шаршағанда жатып ұйықтайды екен. Аналары болса балаларына бесік жырын айтып береді екен (қояндардың ұйықтап жатқан суреттерін көрсетеді). Әрі қарай музыка жетекшісі балалардан, сурет бойынша қояндардың нестеп жатқанын айтып беруді және музыканы тыңдап қимылдарымен көрсетуді сұрайды.
Бауырсақ кіммен кездесті?
Мақсаты: Музыканы сезінуге, төмен, орташа, жоғары дыбыстарды ажырата білуге баулу.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі «Бауырсақ» ертегісін және сол ертегінің кейіпкерлерін естеріне түсірулерін сұрайды. (қасқыр, түлкі, аю, қоян). Музыка жетекшісі осы аңдарға байланысты музыкаларды, мысалы аюдың музыкасын, төменгі регистрдан, ал қоянның музыкасын жоғарғы регистрдан ойнайды. Балалар музыканың қай регистрдан ойналғанын тыңдап, қай аңның музыкасы екенін тауып, сурет арқылы көрсетеді.
«Музыкалық әткеншек»
Мақсаты: Балаларға музыканың өзгеру темпін ажырата білуге үйрету.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі «Әткеншек» әнін орындайды және балалардан әткеншектің қалай қозғалатынын сұрайды. Балалардан музыканың өзгеру темпін қимылмен көрсетуді және сұрақтарға жауап берулерін сұрайды.
Қай кезде музыка тез ойнады? Қай кезде баяу ойнады?
(жылдам қозғалады, ақырын қозғалады, баяу қозғалады, тоқтайды.)
«Ақырын қатты»
Мақсаты: Тембрлік есту қабілеттерін дамыту.
Ойын барыс: Балаларға бір түсті бірақ әр түрлі реңктегі карточка жаймалары беріледі.
Балаларға: Көгілдір – ақырын музыка, қара көк – қатты музыка, көк – орташа.
Әрі қарай музыка жетекшісі әнді ақырын, қатты жіне орташа орындайды.
Балалар музыканы тыңдай отырып қолдарындағы фишкаларымен карточкаларды жабады.
«Менің балапандарым қайда»
Мақсаты: Дыбыстық жоғары есту қабілетін дамыту мен бағдарлама материалын бекітуге арналған.
Ойын барысы: Балалар музыкалық жетекшіге қарама – қарсы жартылай шеңбер жасап отырады, әрқайсының қолында бір – біреуден кішкентай карточка бар.
Музыкалық жетекші ойнауды ұсынады да әңгімесін бастайды: Бір аулада балапандарымен тауық , үйрек, қаз өмір сүріпті, ал ауланың сыртындағы ұяда құс балапандарымен тұрыпты. Бірде қатты жел соғып, жаңбыр жауды да, барлығы тығылып қалды. Ең бірінші болып өз балапандарын үйрек шақырады (суретті көрсетеді): «Менің балапандарым, сүйкімді балақандарым қайды? Кря, кря!» (бірінші октаваның рес дыбысы бойынша ән салады).
Карточкаларында үйректің балапандарының суреті салынған балалар оларды көтеріп, былай деп жауап береді: «Кря – кря, біз мұндамыз» (екінші октаваның ля дыбысы бойынша ән салады).
Музыкалық жетекші былай деп жалғастырады: «үйрек өз балапандарын тапқанына қатты қуанады (карточкаларды жинап алады). Барлық құстар өз балаларын тауып алғанша ойын жалғасады.
«Күн мен бұлт»
Мақсаты: Балалардың есту, тыңдау қабілеттерін дамыту. Әр – түрлі сипаттағы әуендерді ажырату қабілеттерін дамыту. (көңілді, қуанышты, мұңды, көңілсіз).
Ойын барысы: Үш карточка бірінші карточкада жарқырап тұрған күннің көзінің суреті, екінші карточкада бұлт басқан күннің көзінің суреті, үшінші карточкада жаңбыр мен бұлттың суреті
Ойынға қатысушылар, ойын құралының санына байланысты алынады. Балаларға карточкалар таратылып, Үш түрлі музыкалық шығарма тыңдауды ұсынады.
Балалар бос шаршыларды әуеннің көңіл күйіне байланысты, суреті бар карточкалармен жабады. Әр сурет әуеннің көңіл күйіне байланысты.
«Үйде не істеп жатыр?»
Мақсаты: Балалардың музыка жанрлары туралы білімдерін дамыту. Әнді, биді, маршты ажырата білуге баулу.
Ойын барысы: Музыка жетекшісі әуенді тыңдатқызып, балалардың үйде не істеп жатқандарын айтып берулерін сурайды. Музыка жетекшісі фортепианода М. Гликаның полькасын, Д. Шостаковичтің маршын және Ш. Қалдаяқовтың «Балдырғандар» әнін ойнап береді. Балалар музыканы тыңдай отырып, балалардың үйде не істеп жатқандарын ұғады. (ән айтып жатыр, билеп жатыр, сап тізіліп жүр).
«Теңіз»
Мақсаты: Балалардың музыкалық есту, тыңдау, көру қабілеттерін дамыту.
Ойын барысы: Балаларға үнтаспадан теңіздің дыбы қосылған әуенді естірту. Әуенді тыңдап болғасын, балалар әуеннің мінез құлқын айтып өз ойларымен бөліседі. Музыка жетекшісі композитордың жазған әуеніндегі кездесетін әр – түрлі көңіл күйіне балалардың көңілін аударады. Әуенде толқын бірде ақырын, бірде қатты, бірде жәй естіледі. . Содан соң музыка жетекшісі балалды картинкада көрсетілген теңіздің әр түрлі толқынымен таныстырады. Музыка жетекшісі балаларға музыканы қайтадан тыңдатқыза отырып, балалардан теңіздің әр – түрлі толқынын карточканың көмегімен көрсетуді сұрайды.
Видео
 
 
 
Бала тәрбиесі
Құрметті ата-аналар назарыңызға бала тәрбиесіне жағымды әсерін тигізетін пайдалы кеңестер ұсынамыз:
- Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана әсер етеді.
- Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Әр биікке өз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.
- Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сондай қадамға баратыны есіңізде сақтаңыз.
- Балаңызбен әңгімелесу нәтижелі болуы үшін, ең алдымен ашық жарқын сенімге құрылған риясыз әдісті таңдаңыз. Сіздің сөздеріңіз қатал естілуі мүмкін, бірақ ешқашан да ауыр әрі өрескел болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ғана ата-ананың талаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.
- Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.
- Өзін және оны қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оны өзіне өте сенімді адам ретінде қалыптастырып, қоршаған ортамен байланысын жолға қоюға көмек береді.
- Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз. Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана ұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.
- Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.
- Баланы әр кезде оның көзіне қарап тұрып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады.
- Өзіңіздің бос уақытыңызды үнемі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуге мүмкіндік береді.
- Жанжалдасқан күйі екі жаққа бөлініп жүре беруге болмайтынын ұмытпаңыз, ең алдымен балаңызбен татуласып алыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызбен жүре берсеңіз болады.
- Әр уақытта оған қажет болғанда үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады.
- Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін естен шығармай, айтып отырған жөн, себебі оның тым тәкәппар және екіжүзді болып өспегені жақсы.
- Оның таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны еш уақытта сынамаңыз.
- Оны өз қадамдары үшін жауап беруге үйретіңіз. Оның өзін емес, әруақытта жақсы қадамын бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін көрсетіңіз, оның орнында өзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау және шешім қабылдау құқығын оның өзіне қалдырыңыз.
- Еш уақытта оның осыған дейін жасаған қателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсенің барлығын өткен күнге қалдырыңыз.
- Оған тым қатты талап қойып, ұзын-сонар ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның жанын жаралайтын немесе намысына тиетін ащы әзіл не теңеулер, әжуа айту еш уақытта дұрыс болмайды.
- Егер сізді оның мінез-құлығы ренжітсе, бұл жайлы өзіне айтыңыз. Бұндай кезде оның тәртібін талқылымаңыз, тек өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы айтыңыз.
- Шектен тыс бақылауды азайтыңыз, бұл көп жағдайда табыс әкелмейді.
- Ол ақтай алмайтын үмітті, көтере алмайтын жүкті оған артпаңыз. Бастапқыда өзіңіз одан не талап ететініңізді анықтап алған жөн. Содан соң барып, міндетті түрде оның не қалайтынын біліңіз, ұстаным жасауға тиіс аса маңызды жағдайлар бойынша міндетті түрде келісімге келуге ұмтылған дұрыс.
- Әңгіме барысында оның маңызын жоғалтпау үшін көпсөзділіктен арылу керек.
- Сіздің баланы мәжбүрлеуіңіз тым нәзік, жан-жақты әрі жалғаспалы сипатта әсер ететіндей болуы керек.
- Әр уақытта баламен үлкен адамдарша, оны кішірейтіп, еркелетер сөздерді барынша аз қолдана отырып сөйлескен абзал.
- Даулы мәселелер орын алған жағдайда бала өзін үнемі қателесуші ретінде сезінбес үшін оған жол беріңіз. Бұл арқылы сіз балаңызға біреуді кешіруді, өз қателігін түсінуді, жеңілістер мен қателіктерді мойындай білуді үйреткен болар едіңіз.
- Оны ақылы, таланты, сұлулығы немесе тума дарыны үшін емес, қарапайым ғана оның осылай бар болғаны үшін ғана жақсы көріңіз.
- Есіңізде болса, балаға үш негізгі қасиетті дарытуға міндеттісіз: шешім шығару, құрмет, жауапкершілік. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-қоршаған адамдарына құрметпен қарайтын және өз қадамдары үшін жауап бере алатын адамдар көп жағдайда табысқа жететіні белгілі.
Егер сізге шын мәнінде жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеуді көздесеңіз, ешқашан өзіңізді кінәлап, өкінішке ұрынбас үшін, бар мүмкіндікті қолдануға тырысыңыз, бәлкім сонда ғана сіз өз перзентіңізбен мақтана алатын боласыз.
Тәрбие қызметі
Ата-аналарға кеңес
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеу – баланың психикалық дамуының басты көрсеткіші, себебі онда сәбидің барлық жетістіктері мен проблемалары көрініс табады.Сөйлеудің дамуындағы арттақалушылықтың бірінші және басты себеб ібаланың өз ата-анасымен жеткіліксіз қарым-қатынасы болып табылады. Көптеген ата-аналар өзінің жұмыс бастылығына және шаршайтындығына байланысты өз балаларымен сөйлесуге уақыттары жоқ және оны қаламайды. Екінші себепкей балалардың ата-анасының үйде баламен басқа тілде сөйлесуі болып табылады.Баламен әртүрлі «бө-бөнемесе «нәм-нәм» деп бала «бала сөздерімен» сөйлеспеу керек. Баламен сөйлескен кезде оның назарын сөздердің артикулляциясына аударып, баланың сөздерді түсінікті етіп айтуына қолжеткізе отырып, жекелей сөздерді дәл және анықайту керек.Дербес «бала сөздерін» «түсінбеукерек», оның қажетті заттардың атауын дұрыс айтуға көтермелеп, оның алдына сөйлеу міндетін қою керек.
Сөйлеу үшін тағы да бір маңызды кедергі баланың жоғары ырықсыздығы мен ересек адамға қатысты сезімтал болмауының болуы мүмкін. Мұндай балалар аса белсенді, елгезек, олар «бас ауғанжағына» шауып жүреді және іс-әрекетін шоғырландыра алмайды. Олар өздеріне айтылған ата-анасының сөзіне стігендей болады, бірақ оған назар аудармайды. Тіпті олар өздерінің қарсылығын айрықша көрсетеді- ата-анасына қарапемес, басқа жаққа бұрылып айғайлайды.Мұндай жағдайда, ата-аналарға еңалдымен негізінде сәби мен эмоционалдық байланысы бар ойындар мен сабақтарға қайтып келу керек. Бұл басынан мейірім мен сипау, оны атымен атамау, «Саусақтарды санау» т.с.сқарапайым сәби ойындары да болуымүмкін.Баланы дыбысты дұры айтуға үйрететін сабақтар 3-4 жастағы балалардың сөйлеуін дамытудағы жетекші бағыт болу керек. Артикуляциялық аппараты дамыту үшін «тілге арналған гимнастиканы қолдану пайдалы ,Бес жасқа қарай баланың сөйлеуі толық қалыптасады, ол ұзақ және соншалықты күрделі сөйлемдер құра алады, көргені және естігені туралы көп және бар ынтасы мен айтады.Сәбидің сөйлеуі толыққанды даму үшін, ата-аналар бұл үдеріске басты назар аудару қажет. Ата-аналардың өздері, барлық дыбыстардың нақты артикуляциясымен дұрыс сөйлей білулер ікерек.Бала сөйлеген кезде оның асығыстығын басу үшін, балаға жаңылтпаш айтқызып үйретіңіз.
Үрейліліктің алдын –алу жөніндегі ата-аналарға арналған ұсыныстар
Баламен қарым-қатынас жасай отырып, ол үшін маңызды басқа адамдардың беделін түсірмеңіз.Өз әрекетіңізде дәйекті болыңыз, балаңызға бұрын рұқсат еткен нәрсені ешқашан тиып тастамаңыз.
Балалардың мүмкіндіктерін ескеріңіз, олар орындай алмайтын нәрсені талап етпеңіз. Жетістіктерін бағалап, мақтап отырыңыз.
Балаңызға сеніңіз, онымен әр уақытта адал болыңыз және ол қандай болса, сондай күйінде қабылдаңыз.
Балаңыздың жанына жағымды үйірме таңдаңыз, мұнда ол қысымшылдық көргендей болып сезінбейтін болсын. Және үйірме оған көп қуаныш сыйласын.
*****************************************************************
Советы родителям по развитию речи дошкольников
Человек не обладает речью при рождении, она формируется и развивается вместе с его ростом и развитием, то есть, практически, всю жизнь. Но это не означает, что речь развивается сама по себе, без участия взрослых. Именно дошкольный возраст является самым благоприятным для развития речи. То, что ребёнок не усвоил в дошкольном возрасте, восполняется в более поздний период с большим трудом, а то и не восполняется совсем. Если вы хотите, чтобы ребёнок успешно обучался в школе, надо целенаправленно заниматься развитием его речи. Ведь именно речь является источником получения знаний по всем предметам школьного курса (от того, как ребёнок прочтёт и поймёт параграф, зависит, как он его потом расскажет). Именно с помощью речи ребёнок общается с окружающими, в том числе, с учителями, соответственно, чем правильнее он будет выражать свои мысли, тем лучше его будут понимать.
Краткая характеристика речи дошкольников, начиная с трёх и до семи лет.
Речь ребёнка 3-4 лет.
В звуковом отношении речь трёхлетнего ребёнка далека от совершенства. Он может неправильно произносить шипящие (Ш, Ж, Щ, Ч), сонорные (Р,РЬ,Л,ЛЬ) звуки. Речь звучит смягчённо («зюби» — «зубы», «толь» — «стол»). Кроме этого, детям этого возраста трудно даётся произношение двух-трёх рядом стоящих согласных звуков (Так называемое стечение согласных). Чаще всего ребёнок произносит один из этих звуков, остальные пропускает («туй» — «стул»). Слоговой состав слова в этом возрасте тоже нарушен – часто из слова выпадают неударные слоги, слоги пропускаются, переставляются, особенно в длинных словах («поподой» — «помидор», «мицинел» — «милиционер»). Но в целом речь трёхлетнего ребёнка понятна окружающим.
Ребёнок 3-4 лет активно осваивает грамматические формы: единственное и множественное число существительных (рука-руки, мяч-мячи), согласование прилагательных с существительными в роде (красный шар, красная кофта, красное яблоко), согласование глагола прошедшего времени с существительным (папа пришёл, мама пришла), склонение существительных (игрушке, игрушкой).
Активный словарный запас (то есть те слова, которые ребёнок употребляет в речи) четырёхлетнего ребёнка достигает 1000 и более слов.
Своё развитие получает в этом возрасте и связная речь: ребёнок легко отвечает на вопросы простыми распространёнными предложениями, может описать предмет 2-3 предложениями.
Речь ребёнка 4-5 лет.
К пяти годам дети должны научиться правильно выговаривать все звуки родного языка. Но на пятом году ещё допускаются ошибки в произношении шипящих (Ш,Ж,Ч,Щ) и сонорных (Р,РЬ,Л,ЛЬ) звуков. Слоговой состав слов не должен быть нарушен.
В этом возрасте дети начинают осваивать образование множественного числа родительного падежа существительных (одна кукла — много кукол), согласование существительных с прилагательными в роде, числе и падеже (видела полосатых котят, играю с полосатыми котятами). В большинстве случаев на пятом году жизни ребёнок правильно употребляет предлоги пространственного значения (в, на, под, у, около).
Словарный запас пополняется определениями (смешной, отличный, неряшливый) и глаголами повелительного наклонения (встать, лежать). Активный словарь пятилетнего ребёнка составляет 2500 – 3000 слов. Ребёнок свободно использует обобщающие слова, группирует предметы по родовым признакам (одежда, мебель, посуда, овощи и т.д.).
В этот период происходит становление монологической речи. Дети хорошо понимают прочитанное, отвечают на вопросы по содержанию, способны пересказать сказку, короткий рассказ. На пятом году жизни совершенствуются средства выразительности высказывания: темп, высота и сила голоса.
Речь ребёнка 5-6 лет.
Дети этого возраста должны уметь правильно произносить самые трудные звуки: свистящие (С,СЬ,З,ЗЬ,Ц). шипящие (Ш,Ж,Щ,Ч) и сонорные (Р,РЬ,Л,ЛЬ). Кроме этого, у детей совершенствуется фонематическое восприятие – они различают заданный звук среди других звуков, выделяют из группы слов, фраз слова с заданным звуком. Ребёнок этого возраста уже может сравнивать свою речь с речью окружающих и устанавливать несоответствия: неправильное произношение звуков, слов.
На шестом году жизни в речи ребёнка присутствуют все части речи. Он умеет образовывать слова с помощью суффиксов (футбол — футболист), приставок (ехал — приехал), уменьшительно-ласкательные формы (мяч-мячик). Правильно употребляют существительные в родительном падеже множественного числа (много стульев, окон, песен).
К шести годам ребёнок углубляет и уточняет свои познания об одном и том же предмете. Он может охарактеризовать предмет по разнообразным качествам: величина, форма, цвет, вкус. материал изготовления, сфера применения. (Это яблоко. Оно круглое, зелёное, большое, сладкое. Это фрукт, его едят).
Связная речь является показателем речевого развития ребёнка. Шестилетний ребёнок способен составить рассказ по серии картин, самостоятельно расположив картины в логической последовательности. Кроме того, он может вообразить события, предшествующие изображённым на картине, и последующие.
Дети шести лет способны анализировать звуковой состав слова (определять количество звуков в словах из 4-5 звуков), сравнивать слова по количеству звуков. Так же способны анализировать словесный состав предложения из 2-3 слов.
Речь ребёнка 6-7 лет.
Ребёнок 6 лет должен правильно выговаривать все звуки родного языка и различать эти звуки (выделять, слышать) в речи окружающих.
Дети шести лет употребляют все части речи, в том числе причастия (игравший) и деепричастия (вставая). Они умеют согласовывать прилагательные в роде и числе (красный шар, красная блузка, красное яблоко, красные цветы). Правильно употребляют родительный падеж множественного числа существительных (много стульев, гусей, мест, зим).
Употребляют не только простые, но и сложные предложения (Не пойду гулять, потому что… Помогу, если…). Дети этого возраста правильно согласовывают слова в предложении. Самостоятельно образовывают однокоренные слова (зима — зимний, лес-лесник-лесовик).
Речь детей насыщена обобщающими словами (посуда, мебель, инструменты, овощи, фрукты, домашние и дикие животные). Активно используют синонимы (простой — несложный, чужой — неродной, ласковый -беззлобный) и антонимы (горячий — холодный, храбрый — трусливый). Ребёнок этого возраста способен объяснить многозначность слов (Ключ – это…).
У ребёнка седьмого года жизни хорошо развита диалогическая речь: отвечает на вопросы, подаёт реплики, задаёт вопросы. Свободно пользуется интонациями. Способен построить краткое монологическое высказывание. Рассказывает грамматически правильно, последовательно и связно.
Уважаемые родители!
Познакомившись с этим сообщением, каждый из вас сделал вывод о развитии речи у Вашего ребёнка. Если вас что-то настораживает, следите за дальнейшими сообщениями. В них мы подробнее остановимся на каждом возрастном периоде и определим, что могут сделать родители для полноценного развития речи ребёнка.