Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
«Біз әртүрлі –Біз бірдейміз – Біз біргеміз!»

«Біз  әр түрлі –Біз бірдейміз – Біз  біргеміз! »     атты  апталық өткізілді. Балаларды жақсылыққа үйретуге, кішіпейілділік пен мейірімділік танытуға, адамдарға махаббат пен қуаныш сыйлауға бағытталады.

Мақсаты: Балалардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру. Адам   бойындағы  жақсы   қасиеттерді   дамыту. Өзге  адамдарға деген  мейірімділікті  көрсету.

Міндеттері: Сүйіспеншілік және толеранттық сезімдерді қалыптастыру.

Балаларды қоршаған әлемге махаббат және мейірімділік сыйлауға үйрету .

Қарым-қатынас, өзара түсіністік және ынтымақтастық арқылы мейірімділік таныту.

Мектепке дейінгі балалардың эмоциялары және шығармашылық қабілетін дамыту.

Өз сезімдерін және басқа адамдардың сезімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Дүйсенбі  5.10.2020ж.  «Біз  әртүрлі –Біз бірдейміз – Біз  біргеміз! » «Мейірімділік    және  қайырымдылық  күні» таңғы  шеңбер  ұйымдастыру.

 Сейсенбі 06.10.2020ж. «Мейрімділік — әлемді  құтқарады»

  Тақырыбы:«Біз  әртүрлі –Біз бірдейміз – Біз  біргеміз!(бейнефильм  ұсыну)

Тәрбиеленушілердің мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы, «қайырымды адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру

 Сәрсенбі 07.10.2020«Мейірімдік   жолымен  жүреміз»

ҰОҚ   ересек   және  мектепалды   даярлық  тобы

Мақсаты:Балаларды бір-бірін сыйлауға,үлкенге  құрмет,кішіге ізет  көрсетуге  тәрбиелеу.

Бейсенбі 08.10.2020Мәнерлеп  оқу  сайысы «Мейірімділік сенен басталады»

Мектепалды даярлық  тобы  және  ересек  топ  арасында мәнерлеп  оқу  сайысы   өткізілді.

Жұма 09.10.2020«Біз біргеміз –біз  тату баламыз »

Балаларды бір-біріне  деген  сүйіспеншілігін,адалдығын,достығын көрсету.

Қорытынды:Апталық өз туған өлкеміздің, еліміздің өскелең  ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтар гуманизм, толеранттылық, өзара көмек, жолдастық сезімдерін тағдыры үшін жауапкершілікке, тәрбиелеуге лайықты үлес қосты.

       Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып,адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге,шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға,өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелеп, шығармашылықпен еңбек етуге шабыттандырады.

Біз  әр түрлі –Біз бірдейміз – Біз  біргеміз!(бейнефильм  ұсыну)

Мәнерлеп  оқу  сайысы «Мейірімділік сенен басталады»

«Біз біргеміз –біз  тату баламыз »
Балаларды бір-біріне  деген  сүйіспеншілігін,адалдығын,достығын көрсету.