Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
«Сәнді күзгі киім-2017»

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылға арналған жоспары мен 2017 жылғы қарашадағы балалар байқауының ережесіне сәйкес бала-бақша тәрбиеленушілері, мектепке дейінгі шағын орталықтар, мектеп алды даярлау сыныптары үшін «Сәнді күзгі киім-2017» қалалық балалар байқауы өткізілді. Мектепке дейінгі ұйым шығармашылық ұжымдарымен «Сәнді күзгі киім» тақырыбын ашатын келесі бағыттар бойынша балалар киім үлгісі ұсынылды: «Дәстүрлік және заманауи», «Авангардтық стиль», «Дәстүрлі сән», «Жастар сәні». Балалар байқауы тәжірибе мен шығармашылық идеялармен алмасу ауданы болды, сонымен қатар қатысушылар мен қонақтар үшін нағыз мереке болды.