ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастау алған 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Мұндағы мақсат - өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау. Жалпы бөбекжайдың міндеті: өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, балалардың деңсаулықтарын сауықтыру, өз еліне-жеріне патриотты, адал болуға үйрету. Осы міндеттерді жүзеге асырудың жолдары әртүрлі. Біз өз міндетімізді бөбекжай педагогтары ұйымдастырған іс-шаралармен шешуге жөн көрдік. Іс-шараның негізгі нәтижесі: балалар өз деңсаулығына назар аударды, туған қаласына қамқор болады, достарына адал болуға үйренді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар атамыз бекерден бекер айтпаған. Жас ұрпаққа саналы, ұлттық, рухан-адамгершілік тәрбиені қазірден беруді бастау қажет деп санаймыз.
Балалар жылы -2022