Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
Бөбекжай педагогтары «Біз еңбекқор баламыз» атты өтпелі тақырыпқа сәйкес балаларға ойын кеңістігін құру арқылы, барлық топтарда шағын іс-шаралар ұйымдастырды

№5 «Гүлдәурен» бөбекжайы әр апта сайын түрлі өтпелі тақырыптар бойынша жұмыс жасайды. Ол тақырыптар бойынша бізде ұйымдастырылған оқу қызметтері, дидактикалық, қимылды, аз қимылды ойындар, серуендер ұйымдастырылады. Қазіргі заман талаптарына сәйкес, балаларды ойын арқылы тәрбиелеу, дамыту, оқыту білім берудің негізгі жүйесі болып табылады. Бөбекжай педагогтары «Біз еңбекқор баламыз» атты өтпелі тақырыпқа сәйкес балаларға ойын кеңістігін құру арқылы, барлық топтарда шағын іс-шаралар ұйымдастырды. Ол ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты: қоршаған әлемдегі табиғатқа, жан-жануарларға, өсімдіктер мен гүлдерге, ағаштарға қомқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Өткізілген іс-шараларға бөбекжай-бақшамыздың тәрбиеленушілері, педагогтары, ата-аналары белсеңді қатысты.