Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
Baursak Patti

Ұлыстың ұлы мерекесіне орай,балабақша қабырғасында балаларға арналған «Қош келдің,Әз Наурыз» атты шағын ертеңгіліктер өткізілген болатын.Өткізілген іс-шараларға балалар мен  балабақша педагогтары белсеңді қатысты.Мектепке дейінгі балалар мерекеге байланысты ән шырқап,би билеп,тақпақ оқып, өз өнерлерін көрсетті.Сонымен қатар, балалар ұлттық «Қыз қуу», «Арқан тарту», «Тақия тастамақ», «Ханталапай» атты ойындарды қызығып ойнады.Педагогтардың қатысуымен балаларға ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетіп,оларды қалай дұрыс өткізу керектігін ұғындырды. Ертеңгілік соңында балабақша балаларының арасында ұлттық тағамдар жәрмеңкесі мен Baursak Patti атты іс-шаралар ұйымдастырылды.