Жуырда, балабақша қабырғасында еліміздің алғашқы президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30жыл толуына орай мектепалды даярлық топтарының арасында «Жырлаймын Отанымды» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілген болатын. Мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырудың мақсаты- тәуелсіз еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақты туған жерін, елін сүюге,Отанын қорғай білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.Мәнерлеп оқу сайысына қатысқан балалардың бойында, Отанға, туған жерге деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігі бірден сезілді. Балабақша ішінде құрылған әділ-қазылар алқасы қатысушылардың дайындаған өнерлерін бағалады.Әділ-қазылар қатысушылардың дайындаған өнерін бағалау барысында, балалардың өзі-өзі ұстауына, мәнерлігіне,сөйлеудің интонациялық экспрессивтілігіне, мимикаларына, қимыл іс-әрекеттеріне назар аударды.Әр қатысушы өз өнерін өздігімен ерекше көрсете білді.Мектепалды даярлық топтарының арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысында ерекше өнер көрсете білген және де ең жоғары ұпайды жинаған Ернатқызы Жібек 1 орынға ие болды.Жібек Мұқағали Мақатаевтің «Отан» атты шығармасын жатқа оқыды. Қатысушы бүлдіршіннің бойынан туған жерге, Отанға деген патриоттық сезімі мен ұлтжандылығы байқалды. Ал 2 орындарға ие болған Жандар Мейірім мен Сәрінжіп Балжан бүлдіршіндері өз тұла бойындағы Отанға деген ыстық махаббатын ерекше өлең жолдары арқылы жеткізе білді.Соңғы 3 орынға ие болған Кенжебек Айсултан мен Сағынтай Медина балғындардың бойында елге деген құрметті таныта білуі, ана сүтінен дарығанына мен сенімдімін.Қалған қатысушы балаларға «Жырлаймын Отанымды» атты мәнерлеп оқу сайысына белсенді қатысқандары үшін мадақтама грамоталарымен марапатталды. Балабақша әкімшілігі алдағы уақытта жас бүлдіршіндердің арасында осындай танымдық кештерді тағы да өткізуді жоспарлауда.
https://kst-sad5.edu.kz/novosti-kz/126-zhyrlajmyn-otanymdy.html#sigFreeId1454d0231e