Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
«Берекелі күз » мерекесі

Күз молшылық  және  байлық мезгілі. Адамдар  күзді берекелі  күз, алтын күз деп баға береді. Күз мерекесін әрбір балабақшада  тойлайды. Сол дәстүрді  жалғасытыра отырып  «Гүлдәурен» балабақшасында «Алтын күз»  тақырыбында  ертеңгілік өткізілді.

Ертеңгілік мақсаты:балаларға күз мезгілі жайлы кең  түсінік беру, мерекелік көңіл –күй  сыйлау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты қорғауға,қастерлеуге тәрбиелеу.

Қызыққа толы ертеңгілікті «Айгөлек» тобы бастады. Өздерінің   өнерлерін  көрсеткен бүлдіршіндер   балабақшада    үйренген  шығармашылықтарын көрсетті. Барлық топ  тәрбиешілері  балалардың  шығармашылық қабілеттерін арттыра  отырып ,күз   туралы    тақпақтар  мен   әндер    айқыза  білді.Балабақшаның  педагогтарының жоғары кәсіби  шеберлігі арқасында,  күз   мерекесі  жақсы   ұйымдастырылып, нағыз   балалар   мерекесіне  айналды. Кештің   көркіне  айналған  Күз   ханшайымы   балаларға   шаттық  тосынсый  сыйлады.Балалармен түрлі қызықты ойындар ойнады.

Ертенгілік  соңында,  педагогтардың,   балалар  мен    ата-аналардың  бірігіп   жасаған « Күз жомарт» тақырыбына  сәйкес шағын көрме ұйымдастырылды.