Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
«Ана тілі- ұлттың болашағы»

Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай, біздің бөбекжай-бақшамызда  балаларға арналған шағын іс-шара  22 қыркүйек  күні  өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары балаларға «Тілдер күнінің  құндылығы мен маңыздылығын айтып өтті. Балабақшамыздың өнерлі  бүлдіршіндері  Отан, туған жер, қасиетті өлке туралы  тақпақтар оқып қанай қоймай,сонымен қатар елімізге деген өз махаббаттарын,сүйіспеншіліктерін, құрметтерін ән арқылы  жеткізді. Балабақша бүлдіршіндеріне  саналы тәрбие  берудің жолдары өте көп.Қазіргі  білім  беру бағдарламасына  сүйене отырып,өсіп келе  жатқан жас буынға  дұрыс тәрбие  беру, олардың  бойында патриоттық сезімдерін ояту, туған өлкеге  қызмет етуге, еліміздің іргетасын әрі қарай  қалауға, тіл мәртебесін көтеру біздің  негізгі мақсатымыз.Іс-шарамыздың ортасына қарай, педагогтар дайындаған Ұлттық ойындармен жалғасын  тапты.Ұлттық ойындарды  өткізу барысында, балалар  бір-бірін  сыйлауға,достық қарым-қатынасты нығайтуға,бір-біріне көмек беруге үйренеді.Бала тәрбиесіне оның отбасы ғана емес,сонымен қатар  бөбекжай-бақшаның, қоршаған ортаның тигізер  әсері мол.Осы екі бағытта  тәрбие сабақтастығы, бірігіп  жүргізілгенде  ғана біздің мақсатымыз нәтижелі болмақ.

№5 «Гүлдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Еслямова Динара