1 мамыр-Қазақстан халқының ынтымақтастық, бірлік күні! қарсанында 2021 жылдың 29 сәуірінде №5 «Гүлдәурен» бөбекжай-бақшасында шағын ертеңгіліктер өтті.
«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде еліміз дамып келеді. Бірлік күнін тойлауды балабақшадағы «Түймедақ» тобының балалары бастады.Әр бала өзінің алдыңда үлкен жауапкершілікті сезінді. Балаларға әр ұлттың әдеп-ғұрыптарымен,салт-дәстүрімен танысу өте қызықты болды. Ертеңгілік соңында балалар әр түрлі халықтың ұлттық ойындарымен танысып қоймай, сонымен қатар ойынды белсеңді ұйымдастыра білді. Өскелең бүлдіршіндер –еліміздің ертеңгі болашағы. Ересектердің мақсатын, арман-тілегін болашақта орындайтын да солар. Өз туған жерін сүйетін әр азамат соны ойлап, түсініп, патриоттық сезімін дамыта отырып, болашақта мемлекетінің иесі болатындығын түсінетін болу керек.
https://kst-sad5.edu.kz/novosti-kz/122-1-mamyr-aza-stan-khal-yny-yntyma-tasty-birlik-k-ni.html#sigFreeId8b61d0f597