19 науырыз күні балабақшамызда Ұлыстың Ұлы күніне арналған шағын балаларға ертеңгіліктер ұйымдастырылған болатын. Әрбір топ балалары мерекелік көңіл-күйде әр түрлі қызықты билер, құлаққа жағымды әндер мен тақпақтарды тарту етті. Дәстүрімізді құрметей отырып, балаларға «Бесікке салу» салт-дәстүрі көрсетілді. Сонымен қатар, балалармен бірге ұлттық ойындарды ойнаған болатынбыз. Әрбір бала бойынан ерекше бір патриоттық сезім, жақсы көңіл-күй сезінді.
Ертеңгілік соңында, «Ханталапай» сайысына белсеңді қатысқан балаларды мадақтамалармен марапаттады.
Қорыта келе, Ұлтымыздың ұлттық мерекелерін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ойындарын балаларға дәріптеу біздің міндетіміз. Ата-бабамыздан қалған мұранының өнегесі, біз үшін ерекше орын алады.