Ыбырай Алтынсарин — мұғалім, ағартушы, жазушы, ақын, ғалым және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның өмірлік жолы — өз халқының жарқын болашағы үшін күрестің үлгісі. Ыбырай Алтынсарин өзін көрнекті ұйымдастырушы, дарынды ұстаз, әйгілі жазушы-ағартушы және көрнекті қоғам қайраткері ретінде көрсетті. Бүгінде оның оқулықтарын мұғалімдер мен ата-аналар сәтті пайдаланады. Ыбырай Қазақстандағы білімнің қалай өсетінін және оның қалай алға басатынын болжай алды ма? Қазақ даласының алғашқы ұстазы өз халқын азат және білімді болсын деп армандады. Бұл көбінесе оның күрделі жұмысының арқасында жүзеге асты. Жақында, көрнекті педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай туған жерінде Қостанай қаласында ескерткіш ашылды. Мектепке дейінгі мекемелердің алғашқыларының бірі болып ескерткішке Қостанай қаласындағы N5 «Гүлдәүрең» бөбекжай—бақшасының тәрбиеленушілері келді. Тәрбиешілер балаларға Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылық» өлеңдерін оқып, ұлы ұстаздың өмірі туралы әңгімеледі. Балалар ұстаздарының сөздерін қызығушылықпен тыңдап, ұлы адамға арналған ескерткіш аясында зор ықыласпен суретке түсті.
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай