Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
«Алтын күз » мерекесі

Ертеңгілік мақсаты:балаларға күз мезгілі жайлы кең  түсінік беру, мерекелік көңіл –күй  сыйлау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты қорғауға,қастерлеуге тәрбиелеу.

Қызыққа толы ертеңгілікті «Айгөлек» тобы бастады. Өздерінің   өнерлерін  көрсеткен бүлдіршіндер   балабақшада    үйренген  шығармашылықтарын көрсетті. Барлық топ  тәрбиешілері  балалардың  шығармашылық қабілеттерін арттыра  отырып ,күз   туралы    тақпақтар  мен   әндер    айқыза  білді.Балабақша  ұжым  қызметкерлері  жоғары кәсиби  шеберлігі арқасында,  күз   мерекесі  жақсы   ұйымдастырылып, нағыз   балалар   мерекесіне  айналды.Өйткені,күздің  берекесі   мен   молшылығын  көрсететін  көкөніс,жеміс- жидектерден түрлі  зат   жасалып,күзгі  жапырақтармен әсем  безендірілген музыкалық  зал  балаларды өзіне  еріксіз  тарта  берді. Тәрбиенушілер  қуанышын асқақтатар  ұжымдық   ойындар  ойнап,кештің   көркіне  айналған  Күз   ханшайымы   балаларға   шаттық  тосынсый  сыйлады.

Ертенгілік  аясында,  педагогтар  балалардың  және   ата-аналардың  бірігіп   жасаған « Күз жомарт» тақырыбына көрме ұйымдастырды. 

Ертеңгілік соңында бөбекжай-бақша директоры Саутбаева  Г.А. тәрбиеленушілерге сапалы білім,саналы тәрбие беріп, педагогтарға алғысын білдірді.