Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің " №5 бөбекжайы"коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
«Мені Абай шабыттандырды»

№5 «Гүлдәурен»    бөбекжай –бақшасында «Мені Абай шабыттандырды»  қалалық суреттер байқауы аясында, екі ересек және мектепалды даярлық топтар арасында күзгі тақырып бойынша сурет салу іс-әрекеті өткізілді. Тәрбиешілер өз топтарында іштей суреттер байқауын ұйымдастырды. Балалармен  алдын-ала  Абай  сағаттарын  өткізді,  ақынның «Күз» өлеңімен таныстырды.
Балалар  қызығушылық   танытты.
Балалардың  ең үздік деген суреттерінен коллаж жасап  топ  арасында  көрме  «Мені Абай шабыттандырды»   ұыймдастырылды.