Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 5 бөбекжайы» КМҚК
г. Костанай
8(7142)54-65-50
sad5@kst-goo.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 5 бөбекжайы» КМҚК

МЕНЮ

Біз сізді көргенімізге қуаныштымыз балабақшаның ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

1
Шілде
2026

Фотоколлаж 4

«Әкеммен бірге – шығармашылық шеберханасы»

«Әкеммен бірге – шығармашылық шеберханасы» іс-шарасы аясында кіші «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушісі Сейт Аяулым әкесімен бірге жол қозғалысы ережелеріне арналған танымдық макет дайындап келді.

Шығармашылық жұмыс барысында әке мен бала жолдағы қауіпсіздік ережелерін бейнелеп, жаяу жүргіншілер өткелі, бағдаршам және жол белгілерінің маңызын көрсетті. Мұндай бірлескен жұмыстар балалардың жолда жүру мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Сейт Аяулым мен әкесіне белсенді қатысып, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз!

30
Маусым
2026

Фотоколлаж 3

«Әке мен бала» спорттық іс-шарасы

Дене тәрбиесі нұсқаушысының ұйымдастыруымен «Әке мен бала» атты спорттық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – әкелер мен балалар арасында ұлттық ойындарды жаңғырту, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы құндылықтарын дәріптеу.

Шара барысында әкелер мен бүлдіршіндер қазақтың ұлттық ойындары негізінде ұйымдастырылған қызықты сайыстарға белсене қатысып, ептілік, шапшаңдық және ұйымшылдықтарын көрсетті. Балалар әкелерімен бірге жарысқа түсіп, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсерге бөленді.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұлттық мұрамызды ұлықтап, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

30
Маусым
2026

WhatsApp Image 2026 06 26 at 11.38.51

«Әке жолымен – ізгілікке» (Мамандығын таныстыру)

«Әке жолымен – ізгілікке» іс-шарасы аясында мектепалды топ тәрбиеленушісі Киікбай Ғизаттың әкесі, жол сақшысы болып қызмет етеді. Ересек және мектепалды топ тәрбиеленушілерімен танымдық кездесу өткізді.

Кездесу барысында ол өз мамандығының ерекшеліктері мен қоғамдағы маңызы туралы әңгімелеп, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, жол ережелерін білу және оларды бұлжытпай орындаудың қажеттігін түсіндірді. Балалар мамандық туралы қызықты мәліметтер алып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әсерлерімен бөлісті.

Осындай кездесулер балалардың әртүрлі мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, құқықтық сауаттылықтарын қалыптастыруға және жол қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

30
Маусым
2026

Фотоколлаж 2

«Әкелер кеңесі» – тәрбиенің алтын діңгегі

Балабақшамызда «Әкелер кеңесі» аясында әкелердің ұл бала тәрбиесіндегі рөлі және ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында әкелер бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, ұл баланы еңбекқорлыққа, батылдыққа, үлкенді құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеудің маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қазақы тәрбие мен отбасылық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру жолдары кеңінен талқыланды.

Осындай мазмұнды кездесулер әкелердің тәрбие үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етіп, бала бойында ұлттық рухты, адамгершілік қасиеттерді және отбасына деген құрметті қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

© 2026. Все права защищены.