
«Әкелер кеңесі» – тәрбиенің алтын діңгегі
Балабақшамызда «Әкелер кеңесі» аясында әкелердің ұл бала тәрбиесіндегі рөлі және ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында әкелер бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, ұл баланы еңбекқорлыққа, батылдыққа, үлкенді құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеудің маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қазақы тәрбие мен отбасылық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру жолдары кеңінен талқыланды.
Осындай мазмұнды кездесулер әкелердің тәрбие үдерісіне белсенді қатысуына ықпал етіп, бала бойында ұлттық рухты, адамгершілік қасиеттерді және отбасына деген құрметті қалыптастыруға үлкен үлес қосады.


