Ваучер – бұл баланың мектепке дейінгі білім алуына арналған қызметтердің ақысын төлеуге көмектесетін мемлекеттік қаржыландырудың арнайы түрі. Ваучер сомасы мектепке дейінгі ұйымның түріне, орналасқан қаласына, балалар тобына және басқа да факторларға байланысты болады.
Сіз, ата-ана ретінде, балаңызды қай балабақшаға орналастыруды өзіңіз шешесіз, яғни мемлекеттен бөлінетін қаржыны қай мекемеге бағыттау керектігін таңдауға құқығыңыз бар.
Мектепке дейінгі ұйымның банк шотына аударылатын қаражат тек білім беру қызметтерін төлеуге арналған және басқа мақсаттарға жұмсалмайды.
Ата-ана ваучер алған соң, өз қаласындағы бос орындары бар кез келген балабақшаны таңдай алады.
ВАУЧЕРДІҢ БАСТЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
- Балабақша таңдау еркіндігі:
Егер қазіргі балабақша сіздің көңіліңізден шықпаса, бос орын бар басқа балабақшаға ауыса аласыз.
- Ата-аналық бақылау:
Мемлекет балаңызды қолдауға қанша қаражат бөлетінін нақты білесіз және осы қаражаттың мектепке дейінгі ұйым тарапынан сапалы әрі мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндігіңіз бар.
Осылайша, ваучер Сізге балаңыздың білім беру процесіне белсенді араласуға, сонымен қатар оның дамуына ең қолайлы жағдайларды таңдауға мүмкіндік береді.