|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 5 бөбекжайы» КМҚК
КГКП «Ясли-сад № 5» отдела образования города Костаная» Управления образования акимата Костанайской области
|
|
|---|
Біздің сайтқа қош келдіңіз!

Біздің балабақшаның міндеті-баланың мектепке дейінгі балалық шағында толыққанды өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, тұлғаның негізгі мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, жас ерекшеліктеріне сәйкес психикалық және физикалық қасиеттерді жан-жақты дамыту, баланы мектепке дайындау.
Біздің сайтта сіз балабақшаның құрылу тарихы және біздің қызметкерлермен таныса аласыз, мамандардың кеңестерін ала аласыз, балабақшадағы балалардың өмірі туралы соңғы жаңалықтарды біле аласыз, педагогикалық ұжымның мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламалары туралы ақпарат таба аласыз.
Құрметпен, Меңгерушісі Досмакова Динара Жакиевна
|
20
Қараша
2025
|
Сақ болыңыздар — балалар терезеден құлап кетпесін!
Күзде ауа салқындап, үйді желдету үшін терезені ашық қалдыратын сәттер көбейеді. Дәл осы кезде балалардың терезе маңында ойнап, абайсызда құлап кету қаупі артады.
Қауіпсіздік шаралары:
🔹 Терезелерге қауіпсіздік бекітпелері мен қорғаныш торларын орнатыңыз.
🔹 Терезені тек желдету режиміне қойыңыз.
🔹 Терезе алдына ешқандай жиһаз қоймаңыз — бала оңай шығып кетеді.
🔹 Москит торына сенбеңіз — ол баланы қорғай алмайды!
🔹 Балаларды терезе маңында қараусыз қалдырмаңыз.
Күздің тыныш мезгілі қайғыға айналмасын.
Балалардың қауіпсіздігі — біздің басты міндетіміз.
|
20
Қараша
2025
|
💧 Су — тілсіз жау
Су — тіршілік көзі. Бірақ ол күшіне мінсе, адамға да, табиғатқа да орасан зиян келтіретін тілсіз жау.
Қас-қағым сәтте тыныш жатқан өзен тасып, жауған жаңбыр селге айналып, бүкіл ауылды шайып кетуі мүмкін.
🔹 Қауіпсіздік ережелерін білу — әр отбасының міндеті.
🔹 Жаңбырлы маусымда ауа райы туралы ескертулерді мұқият қадағалаңыз.
🔹 Өзен мен су қоймаларының маңында сақ болыңыз.
🔹 Төтенше жағдай кезінде құтқарушылардың нұсқауын орындаңыз.
Өз өміріміз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі өз қолымызда.
|
12
Мамыр
2025
|
Ваучер – бұл баланың мектепке дейінгі білім алуына арналған қызметтердің ақысын төлеуге көмектесетін мемлекеттік қаржыландырудың арнайы түрі. Ваучер сомасы мектепке дейінгі ұйымның түріне, орналасқан қаласына, балалар тобына және басқа да факторларға байланысты болады.
Сіз, ата-ана ретінде, балаңызды қай балабақшаға орналастыруды өзіңіз шешесіз, яғни мемлекеттен бөлінетін қаржыны қай мекемеге бағыттау керектігін таңдауға құқығыңыз бар.
Мектепке дейінгі ұйымның банк шотына аударылатын қаражат тек білім беру қызметтерін төлеуге арналған және басқа мақсаттарға жұмсалмайды.
Ата-ана ваучер алған соң, өз қаласындағы бос орындары бар кез келген балабақшаны таңдай алады.
ВАУЧЕРДІҢ БАСТЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
- Балабақша таңдау еркіндігі:
Егер қазіргі балабақша сіздің көңіліңізден шықпаса, бос орын бар басқа балабақшаға ауыса аласыз.
- Ата-аналық бақылау:
Мемлекет балаңызды қолдауға қанша қаражат бөлетінін нақты білесіз және осы қаражаттың мектепке дейінгі ұйым тарапынан сапалы әрі мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндігіңіз бар.
Осылайша, ваучер Сізге балаңыздың білім беру процесіне белсенді араласуға, сонымен қатар оның дамуына ең қолайлы жағдайларды таңдауға мүмкіндік береді.


